Сан-Ремода 66-шы рет әлемге танымал Италия әндерінің фестивалі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның шипажайлық қалашығы Сан-Ремодағы "Аристон" (Ariston) театрында көптеген танымал орындаушылар үшін шоу-бизнес әлеміне жол ашқан атақты әндер фестивалі 66-шы рет өткізілуде.

13 ақпанға дейін жалғасып, бес кеш бойы Италияның Rai мемлекеттік теледидарының Бірінші телеарнасында көрсетілетін телевизиялық байқау регламентіне сәйкес, оған итальян тілінде алғаш рет орындалып отырған әндер қатысады.

Басты жүлде - «Алтын пальманы» жеңіп алуға осы жолы 20 адам үмітті. Олардың арасында 2010 жылғы Сан-Ремо жеңімпазы Валерио Скану (Valerio Scanu), бұл байқауға үш рет қатысқан (2006,2009 және 2012 жылдары) әнші Дольченера (Dolcenera), «Аристон» театрында үш рет өнер көрсеткен (2010,2012 және 2014 жылдары) әнші Ноэми (Noemi) және фестивальға 2006 және 2007 жылдары келген атақты Zero Assoluto тобы бар. Бөлек жүлдеге таласқа дәстүр бойынша сегіз жас әнші түседі.

Соңғы жаңалықтар