Сан-Франциско қаласының бас ғимаратында Қазақстан туы көтерілді

None
None
САН-ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай АҚШ-тағы Сан-Франциско қаласының әкімшілік ғимаратында әнұранның сүйемелдеуімен еліміздің мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сан-Францисконың мэрі Лондон Н. Брид осы күнді қалада АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық күні ретінде жариялау туралы құжатқа қол қойды.

«Былтыр басталған бұл іс шара АҚШ-тың батыс жағалауында жыл сайынғы әдетке айналып келеді. Бұл екі ел арасындағы саяси, мәдени ынтымақтастықты нығайтып, халықтар арасындағы достықты арта түсіретінін айта кеткен жөн», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар