Самұрық-Қазынаның сыртқы қарызы қанша

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Самұрық-Қазына" АҚ сыртқы қарызын біршама азайтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Самұрық-Қазына" АҚ қаржы және экономика жөніндегі директоры Ернар Жаңаділдің айтуынша, сыртқы қарыздың қазіргі көлемі 2,3 млрд долларға азайып отыр. "Осы жылдың басында сыртқы қарыз 18,5 млрд доллар болса, бүгінгі таңда ол 16,2 млрд доллар болып тұр. Біз оны төмендеттік. Қазір өзіміз 900 млн долларды төледік. Бұдан бөлек, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы 1,6 млрд долларды төледі. Осылайша, дәл қазір сыртқы борышымыз 16,2 млрд долларды құрайды. Негізі, осыдан бес жыл бұрын "Самұрық-Қазынаның" сыртқы қарызы 30 млрд долларға жеткен", - деді Е.Жаңаділ ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Ал үш жыл бұрын қор басшылығы сыртқы қарызды бірден 7 млрд долларға азайтқанын жариялаған болатын. "2015 жылдың қорытындысы бойынша Самұрық-Қазынаның сыртқы қарызы 30 процентке, яғни 7 млрд долларға азайып, 17,3 млрд долларды құрады", - деген еді сол кездегі қаржы және операциялар жөніндегі директор Елена Баxмутова.

Айта кетейік, бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ алты айда тапқан табысын жариялады.  Бұдан бөлек, "Самұрық-Қазына" АҚ қаржы және экономика жөніндегі директоры Ернар Жаңаділ шетелдік банктерде жатқан депозиттерге қатысты түсінік берді. 

Соңғы жаңалықтар