«Самұрық-Қазынаның» корпоративтік басқару кодексі ЭЫДҰ стандарттарына сай әзірленген - Е.Бахмутова

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазынаның» корпоративтік басқару кодексі ЭЫДҰ стандарттарына сай әзірленген. Бұл туралы бүгін «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» атты ұлттық форум барысында «Саұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры Елена Бахмутова мәлім етті.
Оның атап өтуінше, трансформация, жекешелендіру бағдарламалары, сонымен қатар Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру мәселесі қазақстандық компаниялардың корпоративтік басқаруын әлемнің үздік тәжірибесіне тез арада сәйкестендіруді талап етеді. Осыған орай 2015 жылы «Самұрық-Қазына» қоры корпоративтік басқарудың жаңа кодексін әзірлеген болатын. Ол халықаралық тәжірибенің барлық үздік үлгілерін өзіне сіңірген.
«Біз бұл кодексті ЭЫДҰ мамандарының тікелей қатысуымен жасадық. Өйткені, дәл осы институт қабырғасында бұл бағыттағы үздік халықаралық тәжірибе шоғырланған. Кодекс квазимемлекеттік, сонымен қатар жеке сектор үшін де үлгі бола алады», - деді ол.
Сонымен қатар Е.Бахмутова корпоративтік басқару кодексін әзірлеу барысында нақты ұстанымдар сақталғанын атап өтті.
«Біз өз компаниямызды көптеген акционері бар компания ретінде қарастырамыз. Яғни, біз ең басынан-ақ біздің компанияларымызға миноритарлық акционерлердің болуына жол береміз. Олардың құқықтары лайықты түрде қорғалуы тиіс. Соған сәйкес, біздің кодекс тек қана квазимемлекеттік ғана емес, сонымен бірге жеке сектор үшін негізгі үлгі бола алады», - деді қордың басқарушы директоры.
- Ақмола облысында кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын меморандумға қол қойылды
- Қарағандыда «Жас кәсіпкер мектебінің» қорытындысы шығарылды
- Жастар кәсібін дамытуға бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлінеді
- Маңғыстауда биыл 10 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды
-
СҚО-да «Бастау» мен «Жас кәсіпкер» түлектері жобаларының көрме-жәрмеңкесі өтті
-
Ақтөбелік өнертапқыш тауарларын өткізе алмай жүр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам