+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Самұрық-Қазынаның» компанияларын биыл жекешелендірудің қаупі туралы айтылды

2020 жылғы 17 маусым 11:45
Бөлісіңіз:
«Самұрық-Қазынаның» компанияларын биыл жекешелендірудің қаупі туралы айтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» активтерін дәл биыл жекешелендірудің айтарлықтай қаупі бар. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Үкіметке компанияларды жекешелендіру бойынша берген ұсынысымыздың негізгі мәні мерзімнен бұрын – сапаға баса мән беру. Яғни, дәл биылғы жекешелендіру біз күткен нәтижеге қол жеткізбейді. Тіпті, бұл бағдарламаны іске асырудың белгілі бір қаупі де баршылық. Сол себепті индикативті мерзімдерді таңдап алдық», - деді Алмасадам Сатқалиев тікелей эфирде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.


Десе де, дирекция басшысы жақсы инвесторлар табылып жатса кейбір компанияларды жоспарланған мерзімінен бұрын жекешелендіруге болатынын айтып өтті.

«Мәселен, «Қазпоштаны» 2021 жылы жекешелендіру көзделген. Дегенмен, жақсы инвестор табылып, мүддеміз ескерілсе, жайлы нарықтық жағдайда – біз оны ертерек жекешелендіруге дайынбыз», - деді ол.

Бүгінгі онлайн эфир барысында Алмасадам Сатқалиев «Самұрық-Қазына» активтерін биыл ІРО-ға шығаруда айтарлықтай қауіп барын мәлім етті. Яғни қазір ІРО-ға қойылған жағдайда компаниялар баға және көлемі жағынан Үкімет қойған параметрлік базаларға жетпей қалуы мүмкін. Оның айтуынша, 2021 жылы жекешелендірілетін ірі активтердің ішінде тек «Қазпошта» пен «Самұрық Энерго» бар. Ал 2022 жылы «Air Astana» мен «Qazaq Air», сонымен бірге «Самұрық-Қазынаның» тау-кен компаниясы, 2023 жылы «Қазақстан темір жолы» жекешелендірілмек.

Сонымен қатар Алмасадам Сатқалиев «Самұрық-Қазына» активтерін дәл биыл жекешелендірудің айтарлықтай қаупі барын айтқан еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT