«Самұрық-Қазынаның» басшысы өткен жылдың басты жетістіктерін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Аxметжан Есімов өткен жылдың басты жетістіктерін атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор басшысының айтуынша, қорға кіретін компанияларды жекешелендіру науқаны аясында 230 миллиард теңгенің табысы түсті.

"Өткен жылдың басты жетістігі - Қазатомөндірістің xалықаралық IPO-ға шығуы. Одан 451 миллион АҚШ доллар түсті. Ол ақша Ұлттық қорға аударылды. Сосын маңызды жобаларды да атап өткен жөн. Соның ішінде Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы аясында қолға алынған "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы бар. Аталған жоба бойынша 1,7 миллион адам тұратын 170 елді мекенге газ тартылады. Бұдан бөлек, Kcell-ге тиесілі акциялардың 75 процентін сатып алдық. Осы келісім жайында ашық жариялағаннан кейін Қазақтелекомның акциялары 10-15 процентке қымбаттады. Былтыр барлық мұнай-газ өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сөйтіп, ішкі нарығымызды сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз еттік", - деді А.Есімов қордың бүгінгі кеңесінде.

Оның сөзіне қарағанда, маңызды жобаларға ірі инвесторлар тартылды. Қор аясындағы сатып алулар жүйесі жаңартылды. Ал Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша xолдинг ішіндегі сатып алулар қысқартылды. Соның арқасында бизнесмендерге 309 миллиард теңгеден астам тапсырыс берілді.

"Бұдан бөлек, өткен жылы біз қордың 2028 жылға дейінгі стратегиясын әзірледік. Аталған құжатты Мемлекет басшысының төрағалық ететін кеңес бекітті. Бұл - біздің басты бағдарламамыз. Сол бойынша он жыл бойы жұмыс істейтін боламыз", - деп атап көрсетті А.Есімов.

Айта кетейік, Аxметжан Есімов "Самұрық-Қазынаның" табысын жариялады. Қордың негізгі қызметінен түсетін табыс 31 пррцентке өсті. Ал дебиторлық қарыздың көлемі 80 процентке азайды.

Соңғы жаңалықтар