«Самұрық-Қазынаға» жұмысқа тұрғысы келген 27 адам жалғандықты анықтайтын детектордан өте алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазынаға» жұмысқа тұрғысы келген 27 адам жалғандықты анықтайтын детектордан өте алмады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынасы және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Былтырдан бастап басшылық қызметке үміткерлер тағайындалмас бұрын жалғандықты анықтайтын детектордан өтуі міндеттелген. Мұндай тексерістен сатып алу жұмысына қатысы бар мамандар өтеді. Бұл жаңашылдық үнемі БАҚ назарында болды. Бүгін сіздер үшін жаңа статистикалық мәліметтер ұсынайын. Былтыр «Самұрық-Қазына» тобындағы 52 компанияға жұмысқа тұруға өтініш білдірген 133 үміткер жалғандықты анықтайтын детекторы арқылы сынақтан өтті. 27 адам бұл сынақтан өте алмай, жұмысқа қабылданбады», - деді Ғибрат Ауғанбаев баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, жаңа кадрлық саясат тек басшыларға ғана емес, қарапайым қызметкерлерге де қатысты.

«Біздің басымдығымыз – ашықтық пен барлығына тең мүмкіндік. Былтыр Samruk Qyzmet бірыңғай рекрутинг порталы толыққанды жұмысын бастады. Бір жыл ішінде портал арқылы өтініш бергендердің саны 60 пайызға өсіп, 134 мыңға жетті», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар