«Самұрық-Қазынаға» көрсетілетін қызметтердің баға демпингі 10 пайызбен шектелуі мүмкін

None
Фото:: sk.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының Маңғыстау облысындағы еңбек дауларын Үкімет деңгейінде шешу туралы сауалына жауап жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қордың Директорлар кеңесінің 21 сәуірдегі шешімімен (№217) құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша демпинг шектерін 8%-дан 5%-ға дейін, жобалау жұмыстары, құрылыс жобаларын сараптау және техникалық қадағалау бойынша 15%-дан 10%-ға дейін төмендетуді көздейтін толықтырулар бекітілді», - деп жазады Әлихан Смайылов.

Мұндай толықтырудың пәрмені «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың сатып алу процестерін реттейтін болады.

«Бүгінгі таңда қор портфельдік компаниялармен бірлесіп өзге жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша демпинг шектерін 20%-дан 10%-ға дейін төмендету мәселелерін пысықтауда. Пысықталған шаралардың қорытындылары бойынша тиісті өзгерістер Қаржы министрлігіне және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне келісуге жіберіледі», - делінген жауапта.


Соңғы жаңалықтар