«Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қорының жылдық есебі ең үздік танылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жылдық есеп берудің IV байқау қорытындылары бойынша марапаттау рәсімі өтті. Оның қорытындылары бойынша «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ екінші жыл қатарынан «Қаржылық секторындағы үздік жылдық есеп» аталымында жеңімпаз атанды.

Қордың баспасөз қызметінен хабарланғандай, сарапшылық комиссия есеп беру сапасын жылдық есеп берудің ақпараттылығы мен оның форматының үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келуін ескере отырып, бағалады.

«Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік агенттігі сарапшыларының пікірінше, Жылжымайтын мүлік қорының жылдық есебі толықтығы және ақпараттық қанықтығымен ерекшеленіп, компанияның қызметін жан-жақты аша түседі және жекелеген параметрлер бойынша Қазақстандағы бірлескен есептілікке дайындалудың үздік тәжірибесін ұсынды», - делінді хабарламада.

Сарапшылар жылжымайтын мүлік қорының жылдық есебінің басты жетістіктері ретінде бірлескен басқару мәселелерін ашу, саладағы жағдайға ықпал ететін негізгі факторларды көрсету, тұрғын үй құрылысы секторына толыққанды шолу жасау, бір жылғы жетістіктер және т.б атады.

Соңғы жаңалықтар