«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қорының қоржынындағы 50 жобаның 28-і мақұлданды

None
None
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қорының қоржынындағы 50 жобаның 28-і мақұлданып, қалғандары бүгінде қаралуда.

Бұл туралы бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамындағы еншілес компаниялардағы партиялық ұйымдардың бірінші басшыларының отырысында «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасы Ғосман Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 50 жоба бойынша  инвенстицияның жалпы көлемі 170 миллиард теңгеден астам қаржыны құрайды, ал мақұлданған 28 жобадағы инвестиция 111 миллиард теңгеге жетті. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 8 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешілмек. Сондай-ақ әр қаладағы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін нарыққа 11 мыңнан астам пәтер ұсынылмақ.

Ғ. Әмриннің сөзіне қарағанда, сатып алынатын тұрғын үй ауданы 1 миллион 300 мың шаршы метрді құрайды. Бір шаршы метрдің орташа құны 113 мың теңге сомасында бағаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар