Самұрық-Қазына жабыла ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан сын естіген ұйымдардың бірі - «Самұрық-Қазына» қоры. Бұл - Мемлекет басшысының қорға қатысты жасаған алғашқы ескертпесі емес. Осы орайда, ҚазАқпарат тілшісі «Самұрық-Қазына» сыннан қандай сабақ алып, жұмысын жетілдіруді қалай жоспарлап отырғанын біліп көрді.

«Мемлекет басшысының қорды реформалау тапсырмасын орындау шеңберінде Жол картасы дайындалды. Оның орындалу барысы туралы ақпарат жүйелі түрде Президент Әкімшілігіне жолданып отырады.

Сонымен қатар, Жол картасының орындалуы қордың атқарушы органының тұрақты бақылауында екенін атап өткен жөн. Биыл Жол картасы жүктеген 110 тапсырманың 33-і орындалды. Тағы 13 шара тұрақты жүргізіліп тұрады. Пысықталып жатқан 64 тапсырма бар.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының айтқан сын-пікірін ескеріп, 19 шілдеде Жол картасын орындау барысы туралы портфельдік компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіп, аралық нәтижелер тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді», - деп мәлім етті қордың баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісінің сауалына орай.

Сонымен қатар, қор миссиясы қайта қаралатынын мәлім етті.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға сәйкес, қор қызметінің мақсаты – «Самұрық-Қазына» құрамына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын ұлғайту және активтерді тиімді басқарып, ұлттық әл-ауқатын арттыру еді.

Ал, даму жоспары шеңберінде қор миссиясы қайта қаралды. Ендігі миссия – Қазақстан халқының мүддесі үшін әртараптандырылған активтер портфелін тиімді басқару және кәсіпкерлікті қолдау арқылы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

2023-2032 жылдарға арналған даму жоспарының жобасы 14 шілдеде қор басқармасының отырысында келісілді. Жақын уақытта қордың директорлар кеңесі мен стратегия жөніндегі комитетінде қарастырылады», - деп жоспарларымен бөлісті қордың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қордың жұмысын сынға алып, жұмыстың жүйелі болуы үшін базалық нормативтерді қайта қарау қажет екенін баса айтқан еді.



Фото: kapital.kz







Соңғы жаңалықтар