«Самұрық‑Қазына» ҰӘҚ Директорлар Кеңесінің отырысы өтті

None
None
күйектің 30‑ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  ‑ Бүгін,  қыркүйектің 30-да Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі, - «Самұрық-Қазына» қоры Директорлар кеңесінің Төрағасы Кәрім Мәсімовтың басшылығымен «Самұрық‑Қазына» ҰӘҚ‑ның  31-інші ашық жиыны болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жиын барысында Директорлар кеңесі   экономика мен қаржы жүйесін  тұрақтандыру  бағдарламасы бойынша   Ұлттық қордан бөлінген қаражаттардың  тиімді пайдалануын бағалаудағы негізгі  ұстанымдарды бекітті. Cонымен қатар,  басқосу барысында «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ акцияларын алу мәселесі, дивиденд төлеу жайы, дивиденд құнының «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бір жәй акциясына сай есептелуі туралы және өзге де мәселелер қарастырылды. Жиын соңынан күн тәртібіне қойылған  барлық мәселелер туралы  арнайы шешімдер қабылданды», делінген аталмыш қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар