«Самұрық‑Қазына» ҰӘҚ Директорлар Кеңесінде Қордың ұзақ мерзімді даму стратегиясына қатысты құжат қарастырылды

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 19‑ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  ‑ Кеше, қыркүйектің 18-інде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі - «Самұрық-Қазына» Қоры Директорлар Кеңесінің Төрағасы Кәрім Мәсімовтің басшылығымен Қордың  отызыншы  ашық жиыны өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық‑Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жиында «Самұрық-Қазына» Қорының ұзақ мерзімді  даму стратегиясына қатысты шаралар талқыланды. Бұдан басқа, Қазақстан экономикасының  дамуындағы стратегиялық  міндеттерге сай,  Қор жұмысының  тиімді және қарқынды жұмыс істеуі үшін аса маңызды құжаттар қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес,  қаржы секторын тұрақтандыру,  шағын және орта бизнес пен  жылжымайтын мүлік нарығындағы қиындықтарды  шешу үшін  Ұлттық Қордан бөлінген қаржыны пайдаланудағы қорытындыларға қатысты мәселелер талқыланып, ескерілетін жайттар да назардан тыс қалмады», делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар