+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бірқатар активтерін жекешелендіру кейінге қалды

2020 жылғы 10 маусым 10:56
Бөлісіңіз:
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бірқатар активтерін жекешелендіру кейінге қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелері қаралды.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 167 активі енгізілген, олардың ішінде қазіргі уақытта 138 актив бойынша тармақтар орындалды. 21 компанияда өткізу және тарату/қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Халықаралық капитал нарықтарындағы жоғары құбылмалылыққа, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуіне және әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «Тау-Кен Самұрық», «Qazaq Air», «Самұрық-Энерго», «Қазақстан темір жолы» және басқа да бірқатар стратегиялық активтерді бәсекелі ортаға беру мерзімін 2021-2023 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT