«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ активтерін жекешелендіру барынша ашық жүргізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры қарамағындағы 122 компанияны бәсекелестік ортаға өткізеді.

Бүгін Үкімет отырысының қорытындыларына арналған Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» Басқарушы директоры-басқарма мүшесі Нұрлан Рахметов осылай мәлім етті.

«Жалпы, бүгінгі күні Қор құрылымына кіретін 599 компанияның бәсекелестік ортаға 122-сі беріледі. Алайда, олардың ішіндегі 15 компания біз бұған дейін айтқанымыздай, бейінді емес активтерге, 106 компания бейінді активтерге жатады. Бұдан бөлек, 50 компания Қордың құрамындағы екінші деңгейлі банктермен бірге жекеменшік ортаға шығарылатын болса, 48 компания жойылады», - деді Н. Рахметов.

Оның айтуынша, 20 компания қайта құрылымданса, 5 компания мемлекеттік органдарға беріледі.

«Осылайша, Қор аясындағы жалпы қысқарту 223 компанияға қатысты болады немесе бұл 37 пайызды құрайды. 106 бейінді сипаттағы компанияларға келсек, бұлардың ішінде 64-інің активі 2014 жылы жекеменшік ортаға өтсе, соның ішінде 2 компания қор нарығына шығарылады. 22 компания 2015 жылы, 8 компания 2016 жылы жекеменшелендіруге жатады. Қалған 12 компания 2018-2020 жылдарға қарай өткізіледі деп жоспарланып отыр», - дейді Н. Рахметов.

«Біз Үкіметтік тізімге енгізілген компанияларды жекешелендірудің ашық өтетініне сенімдіміз. Осыған орай, электрондық алаңдарды ұйымдастырып, арнайы портал ашуды жоспарлаймыз», - дейді Н. Рахметов.

Соңғы жаңалықтар