«Самұрық-Қазына» сатып алулардың бірыңғай порталын іске қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры электрондық сатып алулардың бірыңғай порталын іске қосады.  Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС бас директорының орынбасары Болат Жұмағалиев  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазынаның» сатып алу қызметін жетілдіру сатып алуларды бақылаудың барлық салаларына қатысты. Осыған байланысты камералық бақылау енгізіліп, оның аясында тәуекелдер бейіні анықталады. Автоматтандыру өзінің мақсатына сай тәуекелдер бейінін қадалағалап отыруға септігін тигізеді. Бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған «Тенден СҚ» жүйесі тәуекелдердің шамамен 18 пайызын қадағалай алмайды. Ал жаңадан енгізілейтін жүйе тәуекелдердің жартысынан астамын қамтиды», - деді ол.

Қазақстандық компания құрастырған порталда тауар, жұмыс және қызмет қажеттілігін жоспарлаудан бастап, сатып алуды өткізу, шарттарды бекіту және іске асыруға дейінгі барлық цикл орындалады. Сатып алу барысының бір платформада жүзеге асырылуы - Қорға онлайн тәртіпте тиісті процедураларға сараптама жүргізуге, сапалы және біртұтас талдау жасауға, қателіктерді анықтауға, жеткізушілер тарабынан түскен шағымдарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Іске қосылатын жүйе 77 тәуекел бейінін қамтуға мүмкіндік береді. Бұл жалпы көлемнің 65 пайыздан астамын құрайды. Қалған 34 пайыздан астамы камералды бақылау арқылы сарапталады. Мәселен, егер тапсырыс беруші сатып алу кезінде сатып алу ережесін бұзса, онда жүйе автоматты түрде осы секілді «тәуекелдерді» бұзушылықтар түрі бойынша тиісті файлда сақтайды және оларды  қарастыру үшін қордың сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органына жібереді.

Соңғы жаңалықтар