«Самұрық-Қазына» пайдасының 7 пайызын «Қазақстан халқына» қорына аударады – Президент Жолдауы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» таза пайдасының 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлім етті.

«Самұрық-Қазына» қоры таза пайдасының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударатын болады. Бұл – Жаңа Қазақстанның сипатына сай келетін маңызды бастама. Сондай-ақ, табысы мол кәсіпкерлер мен азаматтар қорға демеушілік көрсете береді деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Жолдауда «Самұрық-Қазына» қорының мажоритарлы инвесторға айналатыны айтылды.

«Бұған дейін айтылғандай, мемлекет өзінің экономикаға араласуын біртіндеп азайта береді. «Самұрық-Қазына» қоры экономиканың басты салаларына бақылау жасауға ғана жеткілікті ықпалы бар мажоритарлы инвесторға айналады.

Қордың басқа активтері мен акцияларын жекешелендіру керек. Оны жүзеге асыруға «Халықтық ІРО» тәсілін де қолдануға болады», - деді Президент.

Мемлекет оларға елімізде тұрақты тұру үшін виза береді.
Сондай-ақ, Президент Үкіметтің жұмысын сынады.


Соңғы жаңалықтар