+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

«Самұрық-Қазына» отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін жаңа сатып алу қағидасын əзірлеуде

2015 жылғы 16 қараша 11:57
Бөлісіңіз:
«Самұрық-Қазына» отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін жаңа сатып алу қағидасын əзірлеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ шарттары аясында Қазақстанның тауар өндірушілерін қолдау үшін "Самұрық-Қазына" əл-ауқат қоры жаңа сатып алу қағидасын əзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін "Интеграциялық процестерге байланысты Қазақстанның тауар өндірушілеріне қолдау көрсету" тақырыбында ОКҚ-інде өткен брифинг аясында "Самұрық-Қазына" Құқықтық департаментінің басшысы Жұматай Қорғанбеков айтып берді.

"Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына, сонымен қатар Кеден одағы негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болды. Сондықтан 2016 жылдан бастап қазақстандық тауар өндірушілер мен кəсіпкерлер қазіргі сатып алу туралы ережелерде көзделген жеңілдіктерді қолдана алмайды. Себебі, ДСҰ-ның өзге шарттары мен нормативтері бар. Келесі жылдан бастап тек жер қойнауын пайдаланушыларға арналған жеңілдіктер қалады. Жер қойнауын пайдаланушылар 2020 жылға дейін ауыспалы мерзімде қазір қолда бар жеңілдіктерді пайдалана алады", - дей келе ол жер қойнауын пайдаланушылар "Самұрық-Қазынаның" сатып алу туралы қағидаттарында көзделген жеңілдіктерді ғана пайдалана алатынын атап өтті.

"Самұрық-Қазына" қазір жаңа сатып алу қағидасын дайындап жатыр. Сол қағида негізінде бөлек тарап ретінде жер қойнауын пайдаланатын субъектілердің сатып алу мəселелері арнайы тəртіп бойынша жүзеге асырылады", - деп толықтырды ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT