Самұрық-Қазына мен Бәйтерек холдингінің рөлін анықтау қажет - Президент
2022 жылғы 5 мамыр 18:47

Самұрық-Қазына мен Бәйтерек холдингінің рөлін анықтау қажет - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» холдингінің рөлін анықтау қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін өзгертеміз. Мәселенің мәні осында. Сондықтан жобада жалпы бағыттар мен ұрандардың ғана көрсетілгені емес, сондай-ақ нақты бағыттар, жаңа әдістердің жобасы берілгені де өте маңызды. Сонымен қатар пысықтауды қажет ететін бірнеше мәселе бар. Бірінші, менің ойымша, құжатты нақтылай түсу қажет. Мысалы, әрбір бағыт бойынша іске асырылуға тиіс экономикалық реформалар тізімінің үлгісі және олардың міндеттері мен мақсаттары көрсетілуі керек. Сондай-ақ жобада технологиялық жаңғыру және инновацияларды енгізу тәсілдері нақтыланбаған. Жаңа жағдайда инновациялық саясат қандай болуға тиіс? Өкінішке қарай, бұл мәселеде нақты ұстаным жоқ. Екіншіден, құжат аясында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» холдингінің рөлін анықтау қажет. Бұлар экономика үшін де, мемлекеттік саясат үшін де өте маңызды субъектілер. Сондықтан олардың жұмысын дұрыс жүргізу арқылы бүкіл экономикалық саясаттың тиімділігін анықтауға болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT