«Самұрық-Қазына» қытай компаниясымен бірге Жамбылда жел электр стансасын салады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» мен қытайлық CPIH Жамбыл облысында жел электр стансасын салмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана халықаралық форумы аясында қор басшылығы, ҚР Энергетика министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі және China Power International Holding компаниясының басшылары кездесті.

Тараптар Жамбыл облысында электр энергиясын жинау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр стансасының құрылысы жобасын жүзеге асыруға дайындалып жатыр.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы мамырдағы Сиань қаласына сапары барысында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған еді.

Бүгін негізгі шаралары, жауапты тараптар мен орындау мерзімі көрсетілген іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қабылданды.


Соңғы жаңалықтар