«Самұрық-Қазына» қоры ДСҰ-ға кіру аясында жеткізушілерді сараптауға 2015 жылы көшеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры 2015 жылдан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру аясында жеткізушілерді квалификациялауға көшеді.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Мемлекеттік тапсырыс-2014» акциясы барысында «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ бас дректоры Серікбек Елшібеков айтты.

Оның айтуынша, Ұлттық әл-ауқат қоры тауар жеткізушілермен жұмыс жасаудың жаңа ережесін қарастыруда. Мәселен, қор жеткізушілердің деңгейін бағалайтын рейтинг жүйесін ендірмек. Елшібековтың айтуынша, қазір аталған бағытта жұмыс аяқталды. Жыл соңына қарай екі қазақстандық компанияда сараптау жүргізіледі.

«Егер Қазақстан 2016 жылдың қаңтарынан бастап ДСҰ-ға кіретін болса, келесі жылдан бастап біз жеткізушілердің квалификациясын бағалау процесіне көшуіміз керек. Бұл ұзаққа созылады. 2015 жылдың аяғына дейін аяқталады деп үміттенеміз. Кейбір жекелеген жобалар бойынша кәсіпорындарға сарапшылар өздері шығып, техникалық аудит жүргізетін болады», - деді С.Елшібеков.

Сонымен қатар Серікбек Елшібеков «Самұрық-Қазына» қорындағы және бір жаңалық - жеткізушілерге арналған портал ашылғанын айтып өтті. Мүдделі тұлғалар тауар кодын енгізу арқылы өткен тендерлер бойынша өздеріне қажетті мағлұматты алатын болады.

Соңғы жаңалықтар