+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

«Самұрық-Қазына» компанияларының тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қажет - Елбасы

2020 жылғы 4 маусым 21:54
Бөлісіңіз:
«Самұрық-Қазына» компанияларының тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қажет - Елбасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» компанияларының тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Астананы қайда ауыстырамыз» деген кезде Елбасына 17 ұсыныс  түскен еді –  Мирболат Жақыповтың естелігі Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланысты - Норов БҰҰ мен Қазақстанның серіктестік тарихы Елбасы есімімен тығыз байланысты - Наталья Герман

«Бүгін біз «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткіземіз. Қордың экономикалық дамуда маңызы өте зор. Сондықтан «Самұрық-Қазынаның» жұмысы ерекше бақылауымда. Баршамызға мәлім, биыл қиын жыл болып отыр. Коронавирус пандемиясы жаһандық экономикалық дағдарысқа әкелді. Әлемдік экономика және сауда ауқымы төмендеді. Бұл факторлардың барлығы біздің елімізге өзінің әсерін тигізеді. Осы орайда біз үшін қалыптасқан күрделі ахуалға тез бейімделу өте маңызды. Сәуір айында біз дағдарыстан кейін экономиканы қалай көтеруге болатынын талқыладық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақты шаралар туралы мәлімдеме жасады. Үкімет экономикалық өсімді қалпына келтіру жоспарын бекітті. Бұл шаралар дер кезінде қабылданды және қазіргі ахуалға сай келеді», - деді отырысты ашқан ҚР Тұңғыш Президенті.


Елбасы Қазақстанның барлық негізгі компаниялары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына кіретіндігін атап өтті. Қор компанияларының жалпы активі - 28 трлн теңге.

«Бұл - біздің жалпы ішкі өнімнің 40 пайызына жақын. Бұл жерде 300 мың қызметкер жұмыс істейді. Бюджетке түсетін әрбір оныншы теңге «Самұрық-Қазынадан» келеді. Қиындыққа қарамастан барлық компания жұмысын жалғастырып жатыр, тоқтаған жоқ. Өткен жылдардағы қор көрсеткіштерінің оң динамикасы биыл резерв құруға мүмкіндік берді. Енді компаниялардың тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT