«Самұрық-Қазына» импорт үлесін айтарлықтай кемітпек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігі» форум барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Атамекен» ҰКП арасында өзара іс-туралы келісім бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған құжатқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов пен «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойды.

Аталған келісім аясында импортты алмастырудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу ескерілген. Бұл өз кезегінде таза импорт үлесін елеулі түрде қысқартуға негізделген. «Самұрық-Қазына» мәліметіне қарағанда, осындай қадам бұған дейін елімізде өндірілмеген тауарларды шығара алатын жүздеген кәсіпорындарды құру үшін ынталандырушы тетік болмақ.

Атап айтқанда, бағдарлама бойынша Қордың компаниялар тобы сатып алатын тауарлардың тізімі бірлесіп қалыптастырылады. Осыдан кейін «Атамекен» палатасымен бірге Қазақстанда өндірісті ұйымдастыруға әлеуетті инвесторлар арасында конкурс өткізілмек. Өз кезегінде Қор конкурсты жеңіп шыққандармен ұзақмерзімді шарттарды бекітуге әзірлігін растайды. Сәйкесінше, жаңа кәсіпорындар импортты алмастыратын өнімдерді ел аумағында өндіре бастайды.

Қор алдағы екі жылда холдинг ішіндегі кооперациядан шығару есебінен бәсекелес ортаға, яғни кәсіпкерлік субъектілері үшін 700 млрд теңге сомаға сатып алуларды береді. Осы орайда кәсіпкерлердің басым бөлігіне Қордың сатып алулары шараларына қатысуға жол ашылады.

Бұдан бөлек, форум барысында өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жобалық кеңсені құру туралы келісім бекітілді. Осы құжатқа ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов, «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойды.

Соңғы жаңалықтар