Самұрық-Қазына дивиденд төлеуді 2 есе арттырмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ дивидент бойынша төлем мөлшерін екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Бұл жайында аталған қордың стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дивиденттердің ең төменді деңгейін арттыру жоспарланып отыр. Егер 2022 жыл жайында айтар болсақ, онда бұған дейін шамамен 88 млрд теңге дивиденд төленген болатын. Ал биыл төлем мөлшерін 170 млрд теңге дейін арттыру көзделген», - деді Ернат Бердіғұлов.

Сонымен қатар ол «Самұрық-Қазына» қорын дамытудың жаңа стратегиясында көзделген басты аспектілерге тоқталып өтті. Оның атап өтуінше, ең алдымен қорды басқару моделі өзгерді.

«Қор ағымдағы конъютураны және мандатқа сәйкес басты стратегиялық активтерді басқару қажеттігін ескере отырып, таяу 5-6 жылдың ішінде активтерді стратегиялық басқару моделін дамытуды жалғастыруы тиістігін көріп отырмыз. Бұл ретте біз мұнан ары инвестициялық холдинг моделіне кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асырамыз», - деді спикер.

Қордың басқарушы директоры екіншіден, отандық бизнеске қолдау көрсету жасалатындығын айтты.

«Яғни, біз отандық бизнеспен бірге ірі инвестициялық жобаларды тең қаржыландыруға, сонымен қатар бизнес үшін ұзақмерзімді офтейк-келісімшарттар ұсынуға дайынбыз. Бұған қоса, «Самұрық-Қазына» қоры деңгейінде шетелдік инвесторлармен үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыруды көздеп отырмыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар