«Самұрық-Қазына» дағдарыспен күрес бағдарламасын тиянақты орындап келеді - ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов

None
None
АНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорын құру мәселесі сол кезеңде еліміз алдында тұрған жаһандық қиындықтарды еңсеруде тиімді әрі уақтылы қабылданған іс-қимыл. Бұл туралы бүгін Астанада аталған ұлттық әл-ауқат қорының құрылғанының бір жылдығына арналған салтанатты жиында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорға әлемдік дағдарыс салдарын еңсеруге, экономиканы әртараптандыру, сондай-ақ мемлекеттік компанияларда корпоративті басқарудың тиімділігін арттыру секілді міндеттер қойылды. Меніңше, «Самұрық-Қазына» дағдарыспен күрестің мемлекеттік бағдарламасының басты операторы ретінде барлық мақсаттарды тиянақты орындап келеді», - деді К.Мәсімов.

Бүгінде қор қаржы жүйесін, құрылыс секторын, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бағдарламаларды тиімді жүзеге асырып жатқандығына тоқталған К. Мәсімов, дағдарыс кезеңінде «Самұрық-Қазына» Үкімет пен экономиканың нақты секторы арасында сенімді серіктес болғанын атап өтті.

«Жыл бойынша жұмыссыздық деңгейі 7 пайыздан асқан жоқ. Ал екінші жартыжылдықта оның көрсеткіштерінің төмендеуі байқалды. Сонымен қатар банк секторының құлдырауына жол берілмеді», - деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар