«Самұрық-Қазына» басшысы: АЭС салуды тиімді жол деп бағалап отырмыз

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырсында АЭС салу мәселесі туралы пайымын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық энергетикалық желіні жаңғыртудың жаңа жобасы негізгі жобалардың бірі болуы керек. Бұл желілерге жаңа қуат көздерін қосу үшін қажет дүние. Оның ішінде жаңартылатын қуат көздері де бар. Атап айтсақ, қазірдің өзінде электр энергиясын өндіру және тұтыну балансының болжамына қарап отырып, елдің оңтүстігінде ірі қуат көзін іске қосу керектігі қазірдің өзінде байқалып отыр», -деді қордың басқарма төрағасы.

Сондай-ақ ол бұл мәселені жасыл технология есебінен шешу тиімді деген ой айтты.

«Күн тәртібінде жасыл технологиялар тұрғанын ескерсек, біздің көзқарасымыз бойынша атом электр стансасын салу анағұрлым тиімді шешім болады», -деді «Самұрық-Қазына» басшысы.


Соңғы жаңалықтар