+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

«Самұрық-Қазына» АҚ мен елорда әкімдігі 9 бағыт бойынша бірлесе жұмыс істейді

2019 жылғы 25 қыркүйек 18:15
Бөлісіңіз:
«Самұрық-Қазына» АҚ мен елорда әкімдігі 9 бағыт бойынша бірлесе жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар елордада бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Британия экономикасы соңғы 40 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды

Меморандумға астананы газбен қамту, электронды сауда, Smart city бағдарламасы, сатып алу, әлеуметтік қызметтер, импорт алмастыруды дамыту, электронды сауда мен пошта желісін дамыту, жастарды қолдау, HR саласын дамыту сияқты 9 бағыт кіреді.

Осылайша, «Ақылды қала» (Smart city) бағдарламасы Нұр-Сұлтан қаласын дамытуға арналған. Аталмыш бағдарлама аясында 2019-2020 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ елорданың 3000 кіре берісіне 6000 бейнебақылау камераларын орнатады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру мәселелері талқыланды. «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржыландырады. Қазақстанның астанасын, елдің орталық және солтүстік аймақтарын қамтасамыз ететін газ құбыры жақын арада қалаға беріледі.

« 10 қазанда Сарырқа газ құбырының құрылысы аяқталады. Қала үшін барлық жұмысты дайындау оңай емес екенін білемін. Бұл өте маңызды мәселе, сондықтан қазір тығыз және өзара жұмыс істеу қажет «, - деді А. Есімов.

Сонымен қатар, электронды сауда және пошта желісі тақырыбы талқыланды. 2019 жылы франчайзингтің 8 пунктін, сондай-ақ 12 франчайзинг пункті мен 200 автоматтандырылған сәлемдемені жеткізу пунктерін ашу 2020 жылға жоспарланған.

Меморандумның маңызды бөлігі сатып алу, атап айтқанда импортты алмастыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелеріне арналды. Қор ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу арқылы Нұр-Сұлтан қаласында жаңа нысандарды салуға қатысты жобаларға қолдау көрсетеді. Өз кезегінде, елорда әкімдігі жаңа өндірістер құру бойынша жобаларды, оның ішінде МЖС арқылы 1,6 млрд. теңге көлемінде іріктеуді қамтамасыз етеді.

Елордалық кәсіпкерлерге Қор тобын сатып аліға қатысуға көмек көрсету аясында «Самұрық-Қазына» АҚ қала кәсіпорындарынан тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемін 2018 жылмен салыстырғанда кем дегенде 10%-ға арттыруды қамтамасыз етеді. 2019 жылы Қордың сатып алулары арқылы елордалық кәсіпкерлер 380 млрд. теңге табыс тапты.

Сонымен қатар, тараптар Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік саласының мәселелерін талқылады. Қор әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, церебралды сал ауруы бар балаларды оңалту, әлеуметтік мәселелерді шешуге қаржылық қолдау көрсетеді. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл атлетикалық спорт кешенін және қазақ драма театры сияқты әлеуметтік нысандарын салуға жалпы 58 млрд. теңге бөлінді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT