«Самұрық-Энерго» АҚ мен Қытайдың халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясы меморандумға қол қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның қатысуымен болған Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы барысында «Самұрық-Энерго» АҚ мен Қытайдың халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясы арасындағы әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл құжатты «Самұрық-Энерго»АҚ Басқарма Төрағасы А.Сәтқалиев пен Қытайдың халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясының Президенті Ван Юй бекітті.

Құжатты жасаудағы мақсат - екі ел арасындағы әріптестікті дамытып, Қазақстанның электр энергетикасы саласына қосымша инвестициялар тарту. Бұл бағытта алдымен жаңғыртымды қуат көздері және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін электр қуатымен қамтитын жобаларға ерекше көңіл бөлінбек.

Атап айтқанда құжат Шелек ауданын дамытудың негізгі параметрлерін және Кең су өзенінің арнасын Бестөбе су қоймасына бұру бастамаларын қамтиды.

Соңғы жаңалықтар