«Самұрық- 2019»: Астанада қысқы ралли-спринттен Қазақстан кубогы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада мұздағы ралли-спринттен ел кубогының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен 12 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан автоспорт жарысына еліміздің барлық өңірінен 41 спортшы қатысуда. Олардың ішінде кәсіпқой спортшылармен қатар әуесқойлар да бар.

Ережеге сәйкес, автокөліктерді «артқы жетек», «толық жетек» және «алдыңғы жетек» бойынша жүргізу санаттары бар.null

«Біздің мақсат - Қазақстанда автоспорт түрін дамыту. Ралли-спринт алғаш рет 2007 жылы ұйымдастырылып, бүгін міне 12-ші рет өтіп жатыр. Жарысқа кәсіпқойлар мен әуесқойлар қатысып жатқандықтан, өзіндік ерекшеліктері бар. Әуесқойларға арналған жарысқа жасы 15-ке толған (ата-анасының рұқсаты болуы тиіс) жеткіншектен бастап кез келген адам қатыса алады. Қатысушыға арнайы нөмір беріліп, ереже түсіндіріледі. Бірақ қатысушы өз автокөлігімен келуі тиіс. Ал кәсіпқойлар қатысатын категория «ICE-PRO» деп аталады оларға талап бөлек. Одан жеңімпаз атанғандар еліміздің атынан халықаралық жарыстарға жолдама алады. Ал жарыстың өзіне келсек, ол арнайы 12 учаскеден тұрады және оның барысында қатысушылар 60 шақырым қашықтықты бағындырады», - деді шара ұйымдастырушысы Денис Аксенов.null

Оның айтуынша, жыл санап қатысушылардың саны артып келеді. Келер жылы аталған спорт түрінен Қазақстан чемпионатын ұйымдастыру жоспарда бар.null

Биылғы ралли-спринт 4 кезеңнен тұрады, бүгін Астанадан бастау алған бәсекенің екінші кезеңі - 25-26 қаңтар аралығында Қарағандыда, үшінші кезеңі 8-9 ақпан күндері Павлодарда және финал 22-23 ақпанда Астанада өтеді.

null null

Соңғы жаңалықтар