«Самұрық-2018» ралли-спринт: Көкшетауда Қазақстан кубогының 3-ші кезеңі өтіп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Самұрық-2018» ралли-спринт бойынша Қазақстан кубогының 3-ші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қопа көлінің үстінде ұйымдастырылып жатқан жарысқа Қазақстан және Ресей елдерінен келген спортшылар қатысуда.
Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша жарыс көліктердің «артқы жетек»,  «толық жетек» және  «алдыңғы жетек» категориясы бойынша өтуде.
null

 Еске сала кетейік, жақында Павлодар қаласында «Самұрық-2018» ралли-спринт бойынша Қазақстан кубогінің 2-ші кезеңі өткен болатын. Оған Астана, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Көкшетау және Алматы облыстарынан барған экипаждар қатысты. Оның ішінде «Артқы жетек» санатындағылар арасында ақмолалықтар Александр Новиков пен Рамиль Набиулин бірінші, «Толық жетек» санатындағылар арасында Денис Луценко мен Федор Панов үшінші, «Алдыңғы жетек» санатындағылар арасында Владислав Ларюшин мен Валерий Наджавов төртінші орыннан көрініп, жалпы командалық есепте Ақмола облысының «Көкшетау-WINKOD» командасы «Самұрық-2018» ралли-спринт бойынша Қазақстан кубогының 2-ші кезеңінде жеңіске жеткен еді. Бүгін ақмолалықтар осы жеңісін еселей түсуге мүмкіндік алып отыр. 
null 

Соңғы жаңалықтар