Samsung және LG секілді алпауыт компаниялар қазақстандық студенттер арасынан инженерлерді оқытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung және LG секілді кореялық алпауыт компаниялар қазақстандық студенттер арасынан инженерлерді оқытпақ. Бұл туралы бүгін энергетика саласындағы қазақстандық-кореялық семинар барысында Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Пэк Чу-хён айтты.

«Қазіргі кезде біздің кореялық бизнесмендер қазақстандық инженер-студенттерді оқыту үшін арнайы бағдарламаларды әзірлеуде. Олар Қазақстанды индустрияландырудың болашағы. Сондықтан Samsung, LG және басқа да компаниялар бүгінде жаңа кадрларды даярлауға мән беріп отыр. Олар осында оқытылып, белгілі бір мерзімге Кореяға баратын болады. Бұл бағдарлама 1 немесе 2 жылға есептелмек», - деді елші.

Сонымен қатар, ол Астанадағы «ЭКСПО-2017» аясында екі ел арасында энергия саласында ынтымақтастық артатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар