Samsung компаниясы ескі телефондарды жаңаға айырбастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Samsung компаниясы телефондардың ескі модельдерін жаңаларына алмастырудың жыл сайынғы бағдарламасын іске қосады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Бағдарлама Оңтүстік Кореяда наурыз айында сатылымға қойылатын жаңа Galaxy S7 смартфоны шығарылған уақытта жұмыс істей бастайды.

Кейінірек Samsung бұл бағдарламаны басқа елдерде де іске қоспақ.

Осыған ұқсас қызмет Apple компаниясында да бар екенін айта кеткен жөн. iPhone Upgrade Program деп аталатын бұл бағдарлама өткен жылғы қыркүйек айынан бері қолжетімді.

Бұл бағдарламаның талаптарына сәйкес, ай сайын абоненттік төлемді (32-ден 44 долларға дейін) салатын клиент жыл сайын смартфонын жаңа модельге ауыстыра алады.

Соңғы жаңалықтар