Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Самокаттардың жаяу жүргіншілер жолағымен қозғалғанына қарсымыз - ІІМ

2022 жылғы 14 маусым 13:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев электр самокаттардың қозғалысына рұқсат етілетін жолдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде электр самокаттарына велосипед жолағымен, қоғамдық көлік жолағымен жүруге рұқсат. Атап айтқанда, самокаттардың жолмен жүруіне толықтай шектеу қоя алмаймыз. Сондықтан велосипедтер сияқты жолдың оң жоқ жиегімен жүруге рұқсат беріліп отыр. Бірақ біз оладың жаяу жүргіншілер жолағымен қозғалғанына қарсымыз», - деді Ж.Мұратәлиев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда электр самокаттарды пайдаланудың ұлттық стандартының жобасы әзірленді.

Аталған стандарт самокаттардың жылдамдығы мен басқа да қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін реттейді. Осы орайда бұл құрылғыларда міндетті түрде жарық шамдарының болуы сияқты талаптар ескеріледі. Осы стандарттың аясына жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын электр самокаттары қамтылады.

Жандос Мұратәлиев жыл сайын электр самокаттарына қатысты жол-көлік оқиғаларының саны артып келе жатқанын айтты.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары