+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Самокат тізгіндеушілер жүргізуші ме, әлде жүргінші ме

2019 жылғы 11 шілде 11:19
Бөлісіңіз:
Самокат тізгіндеушілер жүргізуші ме, әлде жүргінші ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина электр самокаттардың жаяу жүргіншілерге теңестірілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз хатшысының айтуынша, сигвей, гироскутер сияқты қозғалыс құралын пайдаланушылар заңда жаяу жүргіншілерге теңестірілген. Олар тізгіндеген құрал көлікке жатпайды. Сондықтан, оны пайдаланушылар жаяу жүргінші ретіндегі құқықтарын біліп, жол ережесін сақтауға міндетті. Яғни, арнайы тротуармен, жаяу жүргінші жолымен жүруі қажет. Ол жоқ болған жағдайда жолдың жиегімен қозғалуға міндетті», - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Ол, сондай-ақ, аталмыш талапты сақтамаған самокат иелері екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін екенін айтады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 615-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жаяу жүргіншілер (велосипед және мопед жүргізушілер, осы санатқа теңестірілген өзге де жол қозғалысына қатысушылар) жол қозғалысының ережелерін сақтамағаны үшін 2 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды», - деді Ирина Лукьянина.

Әкімшілік полиция комитетінің өкілі мопедке теңестірілген қозғалыс құралдарын 16-ға толған тұлғалар ғана пайдалана алатынын ескертеді.

«Бұл санаттағы жол қозғалысына қатысушылар жол жиегімен қозғала алады. Тек ол үшін өзгелерге кедергі келтірмеуі керек. Егер кедергі келтіретіндей жағдай болса, қозғалыс құралынан түсіп, жаяу жүруі шарт. Жол қозғалысының 24-бөлімінде бұл туралы толық айтылған. Мопед пен электр самокат тізгіндеушілер велосипед жолағымен жүруге міндетті. Ол жоқ болған жағдайда негізгі жолдың оң жақ жиегімен, маршруттық көліктерге арналған жолақтармен жүруі тиіс», - делінген жазбада.

Комитет өкілінің жазбасына сүйенсек, электр самокатпен жүру кезінде келесі әрекеттерге тыйым салынады:

- тізгінді екі қолмен ұстамай жүру;

- өзгелерді мінгестіру;

- ұзындығы 15 сантиметрден асатын, өзгелердің қозғалысына кедергі келтіретін пішіндегі жүк тасымалдау;

- велосипед жолы бола тұра, негізгі жолға түсу;

- трамвай қозғалысы бар немесе бір бағытта бірнеше жолағы бар жолдарда солға немесе кері бұрылу;

- тіркеме жалғау.

«Егер аталмыш санаттағы жолаушы жол ережесінен тыс әрекеттері салдарынан өзгелердің денсаулығына қылмыстық сипаты жоқ зардап тигізсе, айыппұл мөлшері екі айлық есептік көрсеткіштен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Қолданыстағы заңнамада аталмыш санаттағы жол қозғалысына қатысушылардың арнайы киімдермен жарақталуына қатысты регламент жоқ», - деп жазды Ирина Лукьянина.

Еске салсақ, Алматыда самокат айдаған жүргінші мен №99 автобус жүргізушісі көшеде төбелесіп қаған болатын.

Кейін самокат тізгіндеген ер азамат қылмыстық жауапқа тартылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Заң, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT