+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Самоада қызылшадан көз жұмғандар саны артып келеді

2019 жылғы 9 желтоқсан 11:11
Бөлісіңіз:
Самоада қызылшадан көз жұмғандар саны артып келеді

АПИА. ҚазАқпарат – Самоада қызылша эпидемиясынан қаза болғандар саны 70 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат RNZ.co.nz сайтына сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметі бойынша, соңғы 24 сағатта індеттен 2 адам қайтыс болған. Көз жұмған 70 адамның 61-і төрт жасқа дейінгі балалар.

Жексенбі күні аралдық мемлекеттің үкіметі Самоа тұрғындарының 90% екпе алғандығын мәлімдеді. Үкіметтің мәлімдемесіне қарамастан, соңғы тәулікте қызылшаны жұқтырудың 112 оқиғасы тіркелді. Осылайша, қазан айынан бастап қызылшамен ауырғандар саны 4700-ге жетті.

159 адам ауруханаларда жатыр, олардың 16-сы ауыр хәлдегі балалар.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшылығы қатерлі эпидемиямен қалай да күресу үшін бейсенбі және жұма күндері елден шығуға және кіруге тыйым салды. Екі күн ішінде медицина қызметкерлері үйлерге барып екпе жасады. Қызылшаға қарсы вакциналарды Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Франция және тағы да басқа елдер ұсынған.

Айта кетейік, екпе ағзаға енгеннен кейін қызылшаға қарсы иммунитет екі аптадан соң ғана қалыптасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT