Сами Насери, Джо Дассен және Арно Дюкре Қазақстанды Наурызбен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның қоғам және мәдениет қайраткерлері Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бейнероликті Франциядағы Қазақстан елшілігі жариялады.

Құттықтаушылар арасында жазушы Альберт Фишлер, актер Сами Насери мен Арно Дюкре, WKN әлем чемпионы Кристан Бертели, «Астана» велокомандасы, қоғам қайраткері Граф Петр Шереметьев бар.

Жазушы Марек Хальтер соғыс кезінде құтқарып қалған ардагерлерге алғыс айтты.

«Қазақстандық достарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бала кезімде Сіздер мені соғыстан аман алып қалдыңыздар. Сондықтан Сіздерге сәлем жолдаймын», - деді ол.

Сондай-ақ, қазақстандықтарды Франция ұлттық ассамблеясының депутаты Пьер Кабаре, музыкант Дидье Маруани және Париждегі қазақ жастары мен бүлдіршіндері құттықтады.

Соңғы жаңалықтар