Самбодан ел чемпионатының бірінші күнінің қорытындысы бойынша батысқазақстандық үш балуан чемпион атанды - Орал

None
None
ОРАЛ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласында самбодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтуде.

Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің атап өткеніндей, Батыс Қазақстанда самбо күресінің діңгегі берік. Самбодан әлем чемпиондары Асқар Шайхиев, Қоныс Жетпісовтің жеңісті жолдарын бүгінгі таңда төрт мәрте жаһан жеңімпазы атанып үлгерген Ерболат Байбатыровтар жалғастырып келеді.

Біріншілікке еліміздің барлық өңірінен он алты команда қатысуда. Тоғыз салмақ дәрежесінде өтіп жатқан сайыста отызға тарта батысқазақстандық облыс намысын қорғауда. 3 сәуір, алғашқы күні бес салмақта сынға түскен батысқазақстандықтардан Медет Оңдағанов (52 келі), Азамат Мұқанов (62 келі), Асылбек Әлкей (74 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Ал қыздардың арасынан Алмагүл Орынғалиева (56 келі), Айдана Елеусінова (64 келі) күмістен алқа тақты.

Осы чемпионатқа арнайы келген еліміздің мемлекеттік бапкері Асылбек Кәкеновтың айтуынша, осы додада үздік деп танылғандар шілде айында Монғолияда өтетін Азия чемпионатында, қарашада Беларусь елінің астанасы Минскіде болатын әлем чемпионатында ел намысын қорғамақшы.

Соңғы жаңалықтар