Самбодан Азия чемпионаты: Қазақстандық жасөспірім қыз жеңімпаз атанды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық Елизат Аязбек Нью-Дели қаласында өткен Азия чемпионатында самбо күресінен 75 келі салмақ бойынша жасөспірімдер арасында 1-орын алып, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елизат бүгінде Тараз мемлекеттік педагогикалық Университетінде «НВП 19-3» тобында білім алады. Ол бұған дейін Ақтау қаласында өткен ел чемпионатында өз салмағында жеңімпаз атанып, Азия және Әлем біріншілігіне жолдаманы қанжығасына байлаған болатын.

Ол Үндістан елінде өткен жасөспірімдер арасындағы құрлықтық біріншілікте Қырғыз және Өзбек балуандарымен белдесіп, басым түскен.

«Өзге елде өз елінің байрағын биіктетіп, әнұранын шырқату кез келген спортшының арманы. Мен сол арманыма жеттім. Ерекше әсерге бөлендім. Жаттықтырушыма және сенім артқан қазақ еліне, жамбылдықтарға зор алғысымды жетізгім келеді. Бұйыртса осы жетістігімді Ташкент қаласында өтетін Әлем чемпионатында қайталасам деймін. Ол үшін аянбай дайындалуға, тер төгуге дайынмын», - дейді балуан қыз.

Айта кетейік, Үндістан елінде өткен Азия чемпионатына 14 елдің спотршылары қатысты. Олар жастар, жасөспірімдер және ересектер болып, Самбо күресінен сынға түсті. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Өзбекстан құрамасы бірінші, Қазақстан екінші, Қырғыз Республикасы үшінші орынға тұрақтады.



Соңғы жаңалықтар