Самбодан әлем кубогына 16 мемлекеттен спортшылар қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6-8 шілде аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтетін самбодан әлем кубогына әлемнің 16 елінен келген спортшылар қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Бүгін осы байрақты бәсекеге орай баспасөз мәслихаты өтті.

«Самбоның халықаралық дәрежедегі мәртебесі жыл өткен сайын артып келеді. Аталған шараға 16 ел қатысады. Ертең сайысқа арнайы Халықаралық самбо федерациясының президенті Борис Щестаков келеді», - деді Халықаралық самбо федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі Мун Чон Гым.

Жарысқа әлемнің 16 мемлекетінен 200-ден аса самбошылар қатысады. Атап айтқанда, Армения, Әзербайжан, Белоруссия, Болгария, Германия, Грузия, Молдова, Ресей, Румыния, Түркия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Оңтүстік Корея, Жапония, Тәжікстан, АҚШ елдерінің самбошылары бақ сынаспақ. Кубок 9 салмақ дәрежесінде ерлер арасында (52, 57, 62, 68, 74, 84, 90, 100 келіге дейін және 100 келіден аса), әйелдер арасында (48, 52, 56, 60, 64, 68, 72, 80 келіге дейін және 80 келіден аса) және жауынгерлік самбодан (52, 57, 62, 68, 74, 84, 90, 100 келіге дейін және 100 келіден аса) сарапқа салынады.

«Қазақстанның Самбо федерациясының барлық жерде филиалы жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда самбомен айналысатын 7 мыңға жуық бала бар. 1930 жылы өмірге келген самбо - бірнеше спорт түрлерінің қосынды түрі. Оның ішінде Қазақ күресі, грузин және орыс күрес түрлерінің әдістері бар. Осы жолғы жарыс өте тартысты болады деген ойдамын», - дейді Қазақстан спорт және жауынгерлік самбо күресі федерациясының вице президенті Рафик Валиев. 

Соңғы жаңалықтар