Самбодан әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанған әскери қызметкерді жерлестері құрметпен қарсы алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкері, ефрейтор Исатай Асқанбай Алматы қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін самбодан әлем кубогы кезеңінде 57 келі салмақта қола жүлдегер атанған болатын.

28 қаңтар күні табыспен оралған И.Асқанбайды Ақтөбе қаласында жерлестері қошеметпен қарсы алды. Олардың арасында Ақтөбедегі 6655-әскери бөлім командирі, полковник Талғат Әбекешев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары болды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Исатай 1992 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында дүниеге келген. «Алматы қаласында отандастарымның қолдауын жақсы сезіндім. Бес белдесу өткізіп, соның төртеуінде жеңіске жеттім. Тек өткен жылғы әлем чемпионы, грузиялық балуаннан ғана ұтылдым. Алдағы уақытта да осындай табыстарыммен қуантамын деп ойлаймын», деді И.Асқанбай.

Айта кетейік, И.Асқанбайды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ынталандыруға ұсынды.

Соңғы жаңалықтар