+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Самбодан ӘЧ: Алғашқы күні қазақстандықтар қос күміс, бір қола медаль жеңіп алды

2019 жылғы 8 қараша 19:17
Бөлісіңіз:
Самбодан ӘЧ: Алғашқы күні қазақстандықтар қос күміс, бір қола медаль жеңіп алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Самбодан ересектер арасында Чхонджу (Оңтүстік Корея) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан қоржынына қос күміс, бір қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Самбодан ӘЧ: Жарыстың соңғы күні Қазақстан қоржынына қос күміс, екі қола медаль түсті Самбодан ӘЧ: Жарыстың екінші күні қазақстандықтар екі қола жүлде алды Маңғыстаулық самбошы әлем чемпионы атанды

Батысқазақстандық Болатбек Райымқұлов 52 кг салмақта күміс жүлдеге ие болды.

Алдымен корей спортшысын ұтқан Болатбек содан кейін Армения өкілі Тигран Кирокосянды тізе бүктірді. Тек финалда ғана екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік Игорь Беглеровқа есе жіберді.

Тағы бір қазақстандық Серікжан Түсіпов жауынгерлік самбодан 57 кг салмақта екінші орынға көтерілді. Ол да соңғы бәсекеде ресейлік Александр Нестеровтан ұтылды.

Әйелдер арасында қазақстандық Динара Жұмабаева 60 кг салмақта қола жүлдеге ілікті.

Әлем чемпионаты 10 қараша күні мәресіне жетеді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Батыс Қазақстаннан тағы бір самбошы Темірлан Көлбай 100 келіден астам салмақта бақ сынайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT