Самат Смақов ток соғып, екі қолынан айырылған оқушымен кездесті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік оқушыны ток соғып, екі қолынан айырылған болатын. Бүгін атақты футболшы Самат Смақов пен Александр Гейнрих оқушымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік оқушы Дамир қазір басын көтеріп, өз бетінше жүре алады. Көңілі алаң оқушыға бүгін атақты футболшы, «Ақтөбе» ФК бас директоры Самат Смақов пен ойыншы Александр Гейнрих барып, арнайы футболка мен допты сыйға тартты. 

«Ұлым Дамир футбол ойнағанды жақсы көреді. Бұған дейін атақты футболшы Самат Смақовты көрген емес. Кездесуден соң Дамир деп есімі жазылған футболканы, қолтаңбасы бар допты сыйға алды. Самат Смақов өзінің планшетін де берді. Қазір балам психологтардың бақылауына алынды. Көңілі бөлініп, жүзіне күлкі де үйірілді. Мен ешкімнің есігін қағып, көмек сұрамаймын. Бірақ әлеуметтік желі арқылы біліп, хабарласқан адамдар қамқорлығын аяп жатқан жоқ. Бірі тамағын тасыса, бірі дәруменге бай жеміс-жидек жеткізді. Қолындағы ақшасын беріп жатқандар да бар. Бәрі үшін алғыс айтамыз»,- дейді Дамирдың анасы Гүлмира Фактулина. Қазір Дамир екінші отаға дайындалып жатыр. Дәрігерлер оқушының күйік шалған денесін қалпына келтіреді.

null 

Еске салсақ, Ақтөбе қаласы, Шалқар ауданында оқыс оқиға тіркеліп, 4-сынып оқушысы екі қолынан айырылған еді. 

Қуаты 10 мың Вольт болатын электр трансформаторына кіріп кетіп, жарымжан болып қалған балаға психологтар көмек көрсетіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар