Самат Смақов су тасқыны кезінде зардап шеккен ақтөбеліктерге көмектесті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге ерекше ықыласпен қарайтын футболшы Самат Смақов су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі су тасқыны кезінде бірнеше есепшот ашылып, әкімдік пен үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік көмек комиссиясын құрды. Өңірдегі «Нұр Ғасыр» мешіті тасқын су кезінде зардап шеккен отбасыға көмектесемін деген адамдардың қаржысы мен заттарын қабылдай бастады. 

«Ақтөбедегі жағдайды естіп су тасқыны кезінде зардап шеккен балалар үшін қаржы аудардым. Ақшаны еріктілер арқылы жеткіздім»,- деді «Ордабасы» футбол клубының капитаны Самат Смақов. Кейін футболшының қайырымдылық ісін «Ақтөбе» футбол клубы жалғастырды. Олар №40, 26 мектептерге қажетті заттарды апарып берді.

«Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары Самат Смақовтың ізімен су тасқыны кезінде зардап шеккен адамдарға көмектесті. Мектептерді паналаған адамдарға қажетті заттардың бәрі жеткізілді», - деп хабарлады клубтың баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында бір тәулікте 400-ге жуық адам көшірілді. Көбі туыстарының үйін паналады. Қарғалы өзенінде су тасып, Садовый ауылындағы 47 үй пен ауланы басты. Соңғы мәліметке сүйенсек, су тасқыны басталған күннен бастап барлығы 2 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. 

Соңғы жаңалықтар