Самат Смақов Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе» ФК экс-директоры Самат Смақов кеңесші болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе» ФК пресс-атташесі Марат Жұмабаевтың айтуынша, Самат Смақов «Ақтөбе» ФК» АҚ басқарма төрағасының және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің футболды дамыту жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Еске салсақ, 20 желтоқсанда «Ақтөбе» ФК басқармасы төрағасы Артур Смағұлов, бас менеджері Горан Велькович болды. Кейін жанкүйерлер Самат Смақовтың клубтан кеткенін біліп, өз қарсылықтарын әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

Соңғы жаңалықтар