Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубын неге сатып алғанын түсіндірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самат Смақов «Ақтөбе» ФК қарызын қайтару үшін арнайы кесте жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Самат Смақовтың «Ақтөбе» ФК сатып алғанын ресми жариялаған болатын. 

«Ақтөбе» ФК сенімгерлік басқаруға алмас бұрын мамандармен ақылдастым. Себебі, өзім футболшы болғаныммен басқарушылық тәжірибем аз. Әрі отбасыммен, ата-анама айттым. Бір жағынан «Ақтөбені» таратып жіберуге жол бергім келмеді. Клуб тарихы терең, жетістікке жету үшін қаншама тер төгілді. Шынын айтқанда, өзге клуб болғанда сенімгерлік басқаруға алмас едім»,- деді Самат Смақовбүгін өткен баспасөз мәслихатында.

Клубтың жаңа иесі балалар арасындағы футболды дамыту жоспарлап отыр. Келер жылы балалар футбол академиясы ақылы болады. Тек аз қамтылған отбасынан шыққан балалар футболмен тегін шұғылданады. Футбол академиясы осы арқылы табыс тауып, өз шығынын өтейді.

«Сенімгерлік басқаруға бергенде қарызы қоса алынды. Қазір қарыздың нақты сомасын айта алмаймын. Бір сөзбен айтқанда өте көп. Сондықтан қарызды қайтару үшін 2019 жылы арнайы кесте болады. Біз сол кестеге сай қарызды қайтарамыз. Қазақстандық футболшылар мені таниды. Олармен келісімге келу, ақылдасу жеңіл. Біз үшін легионерлер ең қиын жұмыс болып тұр. Қазір демеушілерді іздеп, қосымша табыс табу жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстанда футболмен табыс табу қиын. Бірақ біз секілді жанкүйері бар клубтың табыс табуға мүмкіндігі бар»,- деді Самат Смақов. 

Соңғы жаңалықтар