Самат Нұртаза: Сайлау нәтижесі мемлекеттің алдағы 5 жылына тікелей әсер ететінін ұмытпайық

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Самат Нұртаза ел тұрғындарын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауынан тыс қалмай, үміткерлерге дауыс берген кезде жауапкершілік танытуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол Өскемен қаласында өткен «Сайлау-2021: Маңызы мен ерекшеліктері» атты сарапшылар кеңесінің отырысында айтты.

«Алдағы Парламент сайлауына да көп адам тартылады деген үміттеміз. Себебі бұл сайлаудың әділ өтуіне, қандай да бір заңбұзушылықтардың болмауына кепілдік береді. Жуықта сайлауға дауыс беру сәтін бейнежазбаға түсіруге тыйым салатын заң шыққаны белгілі. Кейбіреулер бұны құптамайтындығын айтуда. Алайда сіз біреуді түсіру арқылы оның құқығын бұзатындығыңызды ұмытпауыңыз керек. Cайлаудың маңыздылығы зор ауқымды шара екенін қаперімізде ұстап, жауапкершілік танытайық. Осы ретте жұртшылықты сайлаудан тыс қалмай, белсенділік танытуға шақырамын», - деді Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы.


Соңғы жаңалықтар