Самат Әбіштен куәгер ретінде жауап алынды – Бас прокурор

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштен куәгер ретінде жауап алынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістің жалпынан отырысынан кейін болған баспасөз мәслихатында тілшілер Бас прокурордан қаңтар оқиғасы бойынша Самат Әбіштің (Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары) қаңтар оқиғасына қатысы болу мүмкіндігі туралы сұрады.

Өз кезегінде Берік Асылов қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық істер тергеліп жатқанын айтты.

«Сонымен қатар, мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алу бөлігіндегі қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеді. Жалпы, қаңтар оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Жауапкершілік туралы мәселе қылмыстық іс аяқталғаннан кейін белгілі болады», - деді Бас пркурор.

Осы орайда ол С. Әбіш тергеу амалдары кезінде куәгер ретінде шақырылғанын айтты.

«Одан тек куәгер ретінде жауап алынды. Тек куәгер мәртебесі бар», - деді Берік Асылов.

Сонымен қатар, Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушыларының бірі екені айтылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылы қаңтарда Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар