Самарқанда Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті 2022 жылғы 11 қарашада Самарқан қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркі мемлекеттерінің ұйымына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Бақылаушылар ретінде – Мажарстан мен Түрікменстан бар.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2021 жылғы 14 қарашада Ыстанбұлда өткен ТМЫК-ға мүше елдердің VIII саммитінде Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгертілді.


Соңғы жаңалықтар