Самарқанда мектептер мен балабақшалар 27 сәуірден бастап карантинге жабылады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Самарқанда мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерінің арасында коронавирус жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты 27 сәуірден бастап мектептер мен балабақшалар карантинге жабылады.

Мұндай шешімді Самарқан қаласының әкімдігі жанындағы коронавируспен күрес жөніндегі арнайы комиссия қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы күндері инфекция деңгейі бірнеше есе артқандықтан, қаланың барлық мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінде 14 күндік карантин енгізіледі. Оқушыларға арналған онлайн білім беру жүйесі 27 сәуірден бастап іске қосылады. Егер карантин кезеңінде мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері арасында коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталмаса, оқытудың дәстүрлі түрі қайта жаңғыртылады», – делінген комиссия шешімінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Ариповтың өкімімен 18 сәуірден бастап елдегі ірі сауда орталықтарында, дүкендерде, базарларда, концерттік және ойын-сауық мекемелерінде, сондай-ақ мектептер мен балабақшаларда карантин күшейтілді.


Соңғы жаңалықтар