Самарқанда қазақ батырына ескерткіш қойылады - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шет елдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Сағаттық жылдамдығы 600 шақырымдықпойызшығарылды - Тяньшаньнет

null

Қытайдың Чиңдау қаласында жоғары жылдамдықты магнитті қалқымалы сынақ пойызының үлгісі көпшілікке таныстырылды.

«Мамырдың 23 күні сағаттық жылдамдығы 600 шақырым болатын, магнитті қалқымалы сынақ үлгідегі пойыздың Чиңдау қаласында жасалғаны мәлім болды. Бұл еліміздің жоғары жылдамдықты магнитті қалқыма техникасы саласында тың нәтижеге қол жеткізгенін көрсетеді» деп жазды «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы.

Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, бұл жолғы шара озық техникамен өндірілген пойызды халыққа таныстыру екен.

«Сағаттық жылдамдығы 600 шақырым болып отырған магнитті қалқыма сынақ пойызы еліміздің осы салада табысқа жеткенін айқын көрсетеді. Сынақ үлгісіндегі бұл пойыз - жоғары қарқынды магнитті қалқымалы нысанының маңызды көрінісі. Осы арқылы жоғары жылдамдықтағы көліктің техникасы мен жүйесінің бөлшектерін тексеруге және сапасын арттыруға болады. Магнитті қалқыма көліктің жылдамдығы жоғары, шуылы төмен, тербелісі аз, жолаушы тасуда қауіпсіз. Оның төзімділігі де ерекше. Әрі бұл пойыз арқылы теміржол мен әуе қатынасы арасындағы айырмашылықты біршама азайтуға болады», - деп жазады kazakh.ts.cn.

Айта кетейік, магнитті қалқыма пойыздар магнитоплан немесе маглев деп аталады. Олар болат жолдармен магнитті өрістің күшімен қозғалады. Мұндай құрамдар, дәстүрлі пойыздармен салыстырғанда қозғалыс барысында рельстің үстімен жанаспайды. Себебі теміржол мен пойыздың арасында кеңістік болады.

Самарқанда Жалаңтөс Баһадүрдің ескерткіш мүсіні қойылады- «ӨзА» ақпараттық агенттігі

null

Қазақ халқының біртуар батыры, даңқты қолбасшы Самарқан жерінде 44 жыл билік еткен Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлына, өзі билік еткен мекен Самарқан жерінде ескерткіші қойылады.

Бұл жайында Самарқан әкімінің орынбасары Рустам Қобиловтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ биылғы жылдың 20 маусым күні Самарқан қаласында Жалаңтөс Баһадүрдің әскери әлеуеті және батырдың тарихи кезеңіне арналған «Жалаңтөс Баһадүрдің Орталық Азия әлеуметтік-саяси және мәдени өміріндегі орны» тақырыбында халқаралық конференция өткізілмек. Ал батырдың ескерткіш мүсіні осы коференция аясында ашылуы жоспарланып отырған көрінеді.

«Сайыпқыран Әмір Темірден кейін Самарқанның өркендеуіне септігі тиген батырдың бірі - Жалаңтөс Баһадүр. Ол дарынды қолбасшы ғана емес, ұлы сәулет өнерінің де қамқоршысы бола білді. Батыр қазіргі күні де Самарқанның символы саналатын Регистан алаңындағы Ұлықбек медресесінің қасынан 1619-1636 жылдары «Ширдор» (Арыстан қақпа) медресесін салдырған. 1646-1660 жылы екі медресенің ортасынан «Тиллакори» (Алтынмен апталған) медресесінің құрылысы тікелей Жалаңтөс батырдың бастамасымен салынған. Аталған конференция аясында «Шығыс эстрадасы» XII халқаралық фестивалін де өткізу жоспарланып отыр» деп жазды Өзбекстандық басылым.

Қытай компаниясы мың әйелді Түркияға алып келді - TRT

null null

Қытайдың әйгілі косметика компаниясы мың әйелге Түркия демалысын сыйлаған. Дәстүрлі киімдерімен Каппадокия елдімекеніне келген әйелдер Пері мұржаларын аралады. Бұл туралы осы аптада Түркияның Телевизия және радио мекемесінің сайты хабарлады.

«Әуе жолы арқылы Ыстанбұлға келіп, автобустармен Каппадокияға жеткен делегация өңірдің тарихи және туристік мекендерін аралап, қыдырды. Гөреме аймағындағы Кылычлар сайына келіп жеткен қызыл көйлек киген әйелдердің өздері де тамаша көрініс қалыптастырды», деп жазады аталған ақпарат көзі. Пері мұржалары және табиғи жартастар арасында қыдырған қытайлық туристер кейіннен қытай тілінде жазылған қағазбен бірге суретке түсті.

Ыстанбұл, Каппадокия, Анталия және Памуккалені қамтыған бір апталық саяхаттан кейін елдеріне оралатын туристер Түркияның тарихи және мәдени жәдігерлеріне тәнті болды, дейді TRT.

Құдыс шеруі Иранның 950 қаласында өтеді - «Фарс» ақпарат агенттігі

null

Иранның Исламдық үгіт-насихат кеңесінің Құдыс және интефаза штабының басшысы биыл Дүниежүзілік Құдыс күніне арналған шерулердің Иран Ислам Республикасының 950 қаласында өтетіні туралы хабарлады. Бұл жайында осы аптада «Рarstoday» ақпарат агенттігі мәлімдеді.

Иранның Исламдық үгіт-насихат кеңесінің Құдыс және интефаза штабының басшысы Рамазан Шариф баспасөз жиынында, биылғы Дүниежүзілік Құдыс күні елдің түкпір-түкпірінде аталып өтетінін айтқан.

«Бұл күнге байланысты шерулер 40 жыл бойы жалғасып келе жатқандай, Дүниежүзілік Құдыс күніне қатысты болады. Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасында, Иранның түкпір-түкпірінде өтеді», - деген ол.

ИИР іргетасын қалаушысы имам Хомейнидің ұсынысымен қасиетті рамазан айының соңғы жұмасы «Дүниежүзілік Құдыс күні» деп аталған болатын.

Баркөлде мың адам қатысқан велосипед жарысы өтті - Тяньшаньнет

null

Шынжаңның Құмыл аймағына қарасты Баркөл Қазақ автономиялы ауданы - ғажайып табиғатымен алыс жақыннан келген туристерді өзіне баурайтын шұрайлы мекен. Осы аптаның басында сол аудандағы көрікті орындардың бірі «Баркөл көлі» маңында мың адамдық әуесқой спортшылардың велосипед жарысы өтті. Бұл туралы «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы мәлімдеген болатын.

Бұл шараның өтуі «Қытай саяхат күні» деп аталатын мемлекеттік мерекеге тұспа-тұс келіп отыр. Жарысқа Құмыл, Үрімжі, Санжы секілді алыс жерлерден келген велосипед әуескерлері де қатысқан.

Соңғы жаңалықтар